Халықаралық жастар форумы өтті

Халықаралық жастар форумы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәні сау, отаншыл, бойына рухани құндылықтарды қалыптастырған жастар қатарын көбейту – қай дәуірде болсын мемлекет алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Бүгінде жастар саясатына қатысты басты басымдықтардың бірі – жас буынды жан-жақты білім алуға, отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу. Осы мақсат-мұраттарды жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында елімізде 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды.

Салт-дәстүрді сақтауда, әдет-ғұрыпты насихаттауда діни құндылықтардың рөлі өте жоғары. Елімізде діни татулық пен келісім, ұлтаралық бірлік пен өзара түсінік құндылықтары қалыптасқан. Осы игі дәстүрді нығайтуда жастардың үлесі үлкен. Бұл ретте жас ұрпақтың дәстүрлі діндер тарихы мен қағидаттарын, дін ғұламаларының еңбектерін терең білуі маңызды. 

Осы мақсатта Нұр-сұлтан қаласында Жастар форумы өтті. Айтулы іс-шараға Жамбыл облысынан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі өңірдегі өкілі Ержан Аманбаев, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамдары Ғалымбек Жапек пен Әбіжаппар Әмір, Қордай ауданының бас имамы  Дәуренбек Жандос, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева қатысып жатыр. 

Қазіргі таңда елімізде жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, жан-жақты сауаттылығын арттырудың маңызы орасан. Осы бағытта баршаңызды ортақ мақсатқа жұмылып, ынтымақтастық арттырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырған жиын Үндеу жариялаған болатын.   

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: