4 жылда соғыс салдарынан 870 мың бала мерт болды

4 жылда соғыс салдарынан 870 мың бала мерт болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2013-2017 жылдар аралығында әлемнің соғыс жүріп жатқан 10 елінде 5 жасқа дейінгі 870 мыңға жуық бала мерт болған, оның 550 мыңы – сәбилер. Save the Children халықаралық қайырымдылық ұйымы осындай мәлімдеме жасады.

Ұйым баяндамасы қарулы қақтығыстар толассыз жалғасып келе жатқан аймақтардан алынған деректер негізінде жасалған. Оның нәтижесінде соғыс кезінде әсіресе жас балалардың өмірлеріне қауіп төнетіні анықталды.

«Балаларға қарсы соғысты тоқтатыңдар» атты баяндамада 2010 жылдан бері соғыс жүріп жатқан аймақтарда балалар саны 37 %-ға көбейгені жазылған. Осы уақыт аралығында балаларға шабуыл жасау және соғысқа тарту фактілері 174 %-ға өскен.

Деректерге сәйкес, 2017 жылы 420 млн бала соғыс жағдайында өмір сүрген. Бұл оған дейінгі жылмен салыстырғанда 30 млн-ға жоғары. 2010 жылы балалардың құқықтарын бұзу 10 мыңнан төмен болса, 2017 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен – 25 мыңнан жоғары.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: