Шіркеу исламофобиямен күреседі

Шіркеу исламофобиямен күреседі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канаданың Эдмонтон қаласындағы шіркеу өз қауымын исламофобияға қарсы «махаббат хаты» арқылы күресуге шақырды, деп жазады CBC.

Эдмонтонның оңтүстік-батысында орналасқан лютерандық шіркеу мұсылман қауымын қолдау мақсатында хат жазу кампаниясын бастады. Бұған соңғы айда қаладағы екі мешітке өшпенділікпен жасалған шабуыл себеп болған.

«Біз Эдмонтонда мұсылман халқына мейіріммен қарайтын жүрегі бар адамдар бар екенін білеміз. Енді осы бауырмалдықты сездіруге шақырамыз» деп атап өтті пастор Линдси Йоргенсен-Скакум.

Еске салсақ, 25 қаңтар күні әл-Рашид мешітінде жұма намазы кезінде екі ер адам келіп мұсылмандарға киліккен. Олардың бірі үстіне араб тілінде «кәпір» деп жазылған жейде киген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: