Біржыныстылықты насихаттайтын мектепке қарсы шықты

Біржыныстылықты насихаттайтын мектепке қарсы шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британияда жыныстық тәрбие сабағы деп аталатын пәннің белсенді түрде жүргізілуіне дәстүрлі қоғам өкілдері наразылық танытып, жаңа мектеп бағдарламасына қарсы шықты, деп хабарлайды Islam.ru.

Бирмингемдегі Parkfield Community мектебі алаңына 300-ден аса ата-ана жиылып, қарсылық акциясын өткіздіү олар мектеп директорының көмекшісі  Эндрю Моффатты гомосексуализмді насихаттады деп айыптады, деп жазады The Sun.

Көптеген ата-аналардың басым бөлігін мұсылман елдерінен келгендер құрайды. Олар балаларына сабақта жыныстық азшылықты құрайтын бір жыныстылар туралы дәріс берілуіне жол бергеннен Ұлыбританиядан кеткеніміз дұрыс деген пікірде. Митингіге шыққан ата-аналарға христиандық қауым өкілдері де қосылды.

Parkfield мектебі Бирмингемдегі беделді оқу орны саналады. 5 жылдан бері бұл мектепте оқуыларға жыныс ауыстыру, сексуалдық көзқарас, некене және азаматтық неке, жүктілік және ана болу, нәсілшілдік және дін туралы сабақ оқытылып келеді. Тіптен кіші сынып оқушыларына «Ана, ана және мен» немесе «Патша мен патша» деген арнайы ертегілер де оқытылады екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: