Әйелдер жамағаты кезекті хатым дұғасын жасады

Әйелдер жамағаты кезекті хатым дұғасын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлт тәрбиесі тікелей әйел адамға байланысты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Өйткені, ана баласын жатырда жатқаннан бастап тәрбиелейді. Ислам діні де нәзік жандылардың дәрежесінің қаншалықты биік екенін көрсеткен. Осы тұста, қыз баланың, әйелдің діни сауатты болмағы ләзім. 

Арқасын даласына кең жайған қазақ даласында бүгінгі таңда қыз баланы оқытатын оқу орындары да, әр қала тіпті ауылдарда сауат ашу курстары да жұмыс жасауда. Солардың бірі, қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде "Әйел-қыздар секторының" ұйымдастыруымен,  Жібек Қолағұлова мен Салтанат Мирзаева ұйытқы болуымен белгілі мерзім сайын оқылатын Құран хатымның дұғасы жасалды.

Мешіт ұстазы Салтанат Мирзаева сөз сөйлеп, жамағатқа Құранды хатым етудің пайдалары жайында мардымды насихаттын жеткізсе, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Әйел-қыздар секторының" өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Гүлжан Серікқызы "Құран оқудың құндылықтары" жайлы уағыз айты. Сонымен қатар сектор өкілі дін жолындағы белсенді қызметі үшін облыстық мешіттің атынан Салтанат ұстазға алғыс хат табыстады. 

Ал, ақ жаулықты әжелеріміз ақ баталарын беріп, ел тыныштығы үшін дұға жасады. 

Жиын соңында дастархан жайылып, көпшілік қуанышпен тарқасты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: