ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ ДІН ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН БАСТАМАҚ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ ДІН ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН БАСТАМАҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс имамдары бас қосты. Жаңадан тағайындалған өкіл имам Қанат Жұмағұл алғашқы жиналысын танысумен бастады.

Ол өз сөзінде Діни басқармадан келген тапсырмаларды дер кезінде орындау керектігін имамдардың есіне салып: «Әрбір имам мешіттегі істеріне жұмыс ретінде қарамай, керісінше Аллаға қызмет, Алла жолындағы міндетім деп білсе, дін Исламның өркендеуіне үлес қосары сөзсіз» деп атап өтті.

Сондай-ақ, бас имам өз бастамасымен жақында Telegram әлеуметтік желісінде «Сұрақ-жауап» тобы құрылғанын әрі қазақ-орыс тілдерінде жүргізілетін, сұрақ-жауаптарға қала және аудандардан арнайы білікті имамдар, дін мамандары бекітілгенін айтып өтті.

Қанат Жұмағұл қала және аудан имамдарынан өңірдегі проблемалық мешіттерді сұрап біліп, оған өкілдік тарапынан арнайы жауапты имамдары бекітіліп, арнайы жұмыс жасайтынын жеткізді. Жиналыс кезінде төрт бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі сөз болды. Атап айтқанда насихат және қоғаммен байланыс, теріс ағыммен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралары, діни білім және кадр жұмыстарын одан әрі жандандыру керектігін айтып өтті. Сөз соңында бас имам бірқатар тапсырмалар берді.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: