Жылдық жоспар бекітілді

Жылдық жоспар бекітілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының кезекті жиналысы болып өтті.

Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизов 2018 жылы атқарылған қызметтерге тоқталып, ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды дер кезінде орындау керектігін жеткізді. Сонымен қатар 2019 жылғы атқарылатын жұмыстарды ауыл имам молдаларына айтып, жылдық жоспарды бекітті.

Жақында Түркия мемлекетінде 2 айлық діни курстарды оқып келген Абай ауылының молдасы Абдулбари Амиров оқу білімнің артықшылығы мен Құранды тез арада жаттаудың тәсілдерін айтып, алған білімінің әсерімен бөлісті.

 «Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: