Мұсылман әскерилер имам талап етті

Мұсылман әскерилер имам талап етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германия мұсылмандары Бундесвер әскери қызметшілері үшін христиандық қана емес, ислам дін қызметкерлері болуы керек деген бастама көтерді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Қазіргі уақытта Германия қарулы күштері қатарында әскерилерге католиктік және протестанттық дін қызметкерлері қолдау білдіреді, ал әскердегі мұсылман азаматтарына мұндай жағдай қарастырылмаған.

Әскери теңіз күштерінің офицері Нариман Рейнке – Бундесвер әскеріндегі 1500 мұсылманның бірі. Шығу тегі марокколық Нариман әскерде 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді және Ауғанстанға екі рет барып келген.

Оның айтуынша, Германия әскерінде мұсылман болу оңай емес. Нариман әскер басшылығына мұсылман әскерилері де имамды қажет ететінін бірнеше рет айтып, тіптен қорғаныс министріне өтініш жолдаған. Әзірше ешбір нәтиже жоқ.

«Мен әрқашан әскери қызметте мерт болуым мүмкін екенін ойлап жүремін. Ауғанстанға жіберген кезде өзіммен бірге ақтық сапарда орайтын мата алып жүремін» дейді ол.

«Алуан түрлі сенімдерге орай шаралар қабылдайтын кез келді. Әскерилер қай дінде болса да діни қолдау алуы тиіс» дейді Бундетагтың «Жасылдар» партиясы өкілі Тобиас Линдлер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: