БАӘ еврейлер қауымдастығын ресми мойындады

БАӘ еврейлер қауымдастығын ресми мойындады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен араб әмірлігі билігі елдегі еврей қауымдастығын тұңғыш рет ресми мойындау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Islam-today.

Ynet израильдің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БАӘ-дегі еврей қауымдастығының ресми мәртебесін беру туралы декларацияны тағаттылық істері жөніндегі министр шейх Лубна Халед әл-Касими бекітті.

Айта кету керек, араб-еврей қарым-қатынасының беки түсуіне америкалық раввин Марк Шнайердің атсалысуы ықпал еткен. Ол БАӘ билігінің еврейлер қауымдастығын мойындауы Парсы шығанағындағы барлық еврей қауымдастығы үшін үлкен нәтиже екенін мәлімдеді. Сонымен қатар таяу келешекте әмірлікте синагога мен еврейлер мейрамханасы салынатыны да белгілі болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: