Абу-Дабиде «Авраамдық діндер үйі» салынады

Абу-Дабиде «Авраамдық діндер үйі» салынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рим Папасы Францисктің Біріккен араб әмірлігіне сапарының қорытынды жиынында «Авраамдық діндер үйі» салынатыны мәлім болды. Бұл туралы Абу-Дабидің  мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян өзінің Twitter микроблогында жариялады.

Ерекше діни ғимарат Абу-Дабидің Саадият аралында бой көтермек. Ол «ұлттық және діни ұстанымына қарамастан әмірлікте өмір сүріп жатқан барлық қауымдастықтардың адами бауырластық және бейбіт қарым-қатынасын бейнелейтін ерекше діни ғимарат» болмақ.

Еске сала кетсек, Рим Папасының БАӘ-ге сапары 3-5 ақпан аралығында өтті. Іссапардың маңызды нәтижелерінің бірі «әл-Әзһар» университетінің басшысы шейх Ахмад ат-Тайибпен антитеррористік хартияға қол қою болды. Сонымен қатар понтифик Абу-Дабидің Zayed Sports City Stadium стадионында жұртшылықпен кездесу өткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: