ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА БІРНЕШЕ ТАҒАЙЫНДАУ ОРЫН АЛДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА БІРНЕШЕ ТАҒАЙЫНДАУ ОРЫН АЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Тараз қаласының 4 мешітінде имамдар тағайындалды. Тараз қаласының бас имамы Қанат Әділханұлы «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Ембергенов Амангелдіні «Бегалы ата» мешітінің имамы қызметіне тағайындалуы туралы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бұйрығын жұмаға келген жамағатқа оқып таныстырды. Осыған дейін аталмыш мешіттің имамы қызметін абыроймен атқарып келген Тілманбетов Таңат имамға қала имамы Қанат Жұмағұл алғыс білдіріп, дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Мешіт ақсақалдары Тілманбетов Таңат имамның жұмысына риза екендіктерін жеткізіп, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ, «Салы молда» мешітінің имамы Каримов Жасұлан «Тұрсынбай ата» мешітіне наиб имам қызметіне ауысты. Бұл бұйрықпен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Бектаев Қасымжан таныстырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әміреев Бахтияр «Әкрам төре» мешітіне тағайындалған «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Боханов Наркесті жамағатқа таныстырса, «Шейх Зуннун» мешітінің имамы Хадиметов Абдуахид сол мешітке наиб имам қызметіне тағайындалуымен Мусаев Сәбитті құттықтады.

Жас келсе, іске, демекші, тағайындалған жас мамандарға Алла өзі жар болсын! 

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: