Месут Озил Меккеден әкелінген ең қымбат сыйлығын көрсетті (ФОТО)

Месут Озил Меккеден әкелінген ең қымбат сыйлығын көрсетті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Месут Озил әлемдегі ең танымал мұсылман-футболшылардың бірі болып табылады. Жуырда Месут Озил өзінің жазылмандарына Меккеден әкелінген сыйлығын, атап айтқанда, Қасиетті Қағба кисва-жамылғысының бір қиығын көрсетті.

«Үйімнің төрінде Меккедегі Қасиетті Қағба жамылғысының бір қиығының ілініп тұруы мен үшін үлкен құрмет әрі айырықша артықшылық деп білемін. Осынау бағасыз сыйлық үшін Аллаға шүкір айтамын», - деп жазған екен футболшы Instagram парақшасына.

Месут Озил показал свой самый дорогой подарок из Мекки (ФОТО)

Кисва – Мекке қаласында орналасқан Қасиетті Қағбаны жауып тұратын жамылғы. Оны қажылықтың алдында жыл сайын ауыстырып тұрады, ал қажылық аяқталғанда бұл жамылғыны қиықтарға бөліп, мұсылмандарға таратады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, Қағбаны жамылғымен жабу дәстүрі өзінің бастауын сонау Ысмайыл пайғамбардың (ғ.с.) заманынан алады екен.

Всемирно известный футболист Месут Озил совершает умру (ФОТО)

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Месут Озил Қасиетті Мекке мен Медине қалаларына барып кіші қажылығын өтеп қайтқан болатын.

asyldin.kz


 

"Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші". ( "Сәбә", 34/54)
 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: