Катар Иракты қалпына келтіруге 1 млрд доллар жұмсамақшы

Катар Иракты қалпына келтіруге 1 млрд доллар жұмсамақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Катар Ирак елінің инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруге 1 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсауға дайын. Бұл жөнінде Ирак президенті Бархам Салехпен өткен келіссөзде Катар әмірі  Тамим бен Хамад Әл-Тани мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, осы күндері Ирак көшбасшысы іс сапармен Катар елінде жүр.

Катар СІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, келіссөз барысында ирак және катар жақтары қарым-қатынасты нығайту мүмкіндіктерін, бірінші кезекте, экономикалық, сауда-саттық, қаржы салаларын, сондай-ақ, инфрақұрылым мен туризм жобаларын  талқылауға ниетті екендіктерін білдірген.

Атап айтқанда, экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынасты дамыту мақсатында Катардағы Хамад және Ирактағы Умм Каср порттарының арасында тікелей су жолдарын іске қосу жөнінде уағдаласты.

asyldin.kz


 Имам әл-Тирмизидің кітабында риуаят етілген хадис шәріпте: «Менен кейін өмір сүргендер көптеген келіспеушіліктер мен дау-дамайға куә болады. Сендер менің сүннетімнен және әділ де тура жолға бастаушы халифаларымның (алғашқы 4 халифа) сүннетінен мықтап ұстаныңдар. Оларға азу тістеріңмен жармасқандай екі елі айрылмаңдар», - деп ескертіп айтқан екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: