Ауғанстан астанасы сусыз қалды

Ауғанстан астанасы сусыз қалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Arab News ресурсының мәлімдеуінше, соңғы кездері жауын-шашын мөлшерінің азаюы салдарынан және тұрғылықты халық санының қарқынды өсуі себепті Кабулдың су бассейні сарқылып қалды да Ауғанстан астанасының халқы су іздеп, су ұңғымаларын тереңірек қазуға мәжбүр болуда.

«Су деңгейінің түсіп кеткені сондай, кейде жер асты суларына жету үшін 100-120 метрге дейін қазуға тура келеді», - деп айтқан жер қазу жұмыстарының маманы Мұхаммед Аман.

Кабул қаласы тұрғындарының тек 20% ғана сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімді, ал қалған тұрғындар құдықтар мен су ұңғымаларынан ғана су ала алады немесе жеке су тасушылардан сатып алады.

«Төңкерісті, азаматтық соғысты, жаңкештілердің лаңкестік әрекеттерін басымыздан өткірдік, бірақ сусыз тірлік жоқ», - дейді Кабыл тұрғындары.

asyldin.kz


 «Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық» («Фурқан» сүресі, 48-аят).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: