Қордай: мұқтаждарға көмір және азық-түлік таратылды

Қордай: мұқтаждарға көмір және азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыс – қыр астында. Хәкім Абай айтқан «кәрі құда» әне-міне дегенше, басқан жерін сықырлатып, үскірік, аязбенен демалып, қырау басып өз хақына енгелі біраз болды. Аудандық «Қордай» мешіті мәуліт мерекесі күндерін Аллаға ұнамды іс - қайырымдылықпен өткізуде. Демеушілердің көмегімен 45 тонна көмір түсірілді.

Аталмыш отын қыстың күні тағдырдың қиындығын басынан кешіп отырған аз қамтылған отбасыларға және ауданымыздың шалғайында орналасқан отынмен қамтамасыз етілмеген мешіттерге таратылды. Қайырымдылық барысында тек аудан ортылығының тұрғындары ғана емес, аудан бойынша өзге ауыл тұрғындары да қамтылды. Бас имам Д.Жандосұлының ұйғарымымен мешіттерге 5 тоннадан, аудан тұрғындарына 2 тоннадан, ауылдық аймақтардағы аз қамтылған отбасыларға әр қайсысына 1 және 2 тоннадан көмір таратылды. Көмір тарату шарасына 15 отбасымен 3 мешіт қамтылды.

Сондай-ақ, бүгінгі мейірімділік науқаны материалдық қажеттіліктермен ғана шектелмей, әр үйге бас сұққан дін қызметкерлері асыл дініміз Ислам жайында әсерлі уағыздар айтып, көңілі кемшін жандардың жүректеріне иман жылуын сыйласа, ауылдық имам-молдалар да осы істі атқара білді.Қара алтыннан қосымша аса зәру 5 отбасына картоп, пияз, ұн, сұйық май, қант және макароннан құралған азық-түлік жиынтықтары табысталды. Көмек алушылар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, разышылықтарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: