Қордай ауданының бас имамы Жамбыл ауылында

Қордай ауданының бас имамы Жамбыл ауылында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы қыс маусымында мешіттердің қызметтерін пысықтау ниетімен, ауылдық жамағаттармен етене танысу үшін Жамбыл ауылдық «Әл Хафиз» мешітінде жұма намазын өткізді.

Жамағаттармен өткен келелі кездесу барысында Алланың сүйікті құлы болған Мұхаммед-тің (с.ғ.с.) дүниеге келуі, пайғамбарлық дәурені туралы өмір-тарихынан сыр шертіп, насихат айтты. Алла Елшісінің ғибратқа толы өмірі мен көркем мінезділігіне тәнті болып, ислам дінін мойындаған түрлі атақты ғалымдар мен өзге дін өкілдерінің пайғамбар туралы айтқан сөздері келтірілген мағлұматтармен бөлісіп, әсерлі оқиғаларын баяндады.

Сонымен қатар, мәуліт мерекесінің аталып өтудегі маңыздылығын түсіндірді. Сұхбат соңы сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

 «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: