Сарысуда Тәуелсіздік күні аталып өтті

Сарысуда Тәуелсіздік күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздік Алланың берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Ата – бабамыз аңсап өткен егемендігімізге жеткенімізге 27 жыл ғана уақыт өтіпті. Қанша ғасырлар аңсап, армандап бабаларымыз дүниеден өтіп еді, енді міне Алла Тағала сол кісілер армандаған күндердің тәтті дәмін татуды бізге нәсіп етіпті.

2018 жылдың 13 – желтоқсанында ауданның орталығы Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінде Сарысу аудандық мешітінің ұйытқы болуымен «Тәуелсіздік Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты рухани – патриоттық кеш ұйымдастырылды. Рухани кештің басталуында сахнадағы экраннан «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен тарихта қалған оқиғалардан бастап, кейінгі «алаш» қозғалысы, ашаршылық жылдардағы ауыр кезеңдер, одан кейінгі қызыл қырғын, ең соңында 1986 жылғы тәуелсіздігімізге себеп болған «Желтоқсан» оқиғасы көрсетіліп өтіп, еліміздің ән ұраны орындалды. Залдағы отырған үлкен – кіші көрермен тік тұрып құрметқылды.

Кешке арнайы шақырылған аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл бір ерекше іс – шара болып отырғанын атап өтті. Егемендіктің оңай келмегенін, көптеген қиын кезеңдерді халқымыз басынан кешіргенін, ол қиындықтарды ешқашан ұмытуға болмайтынын айта келіп: «осындай жұмыстарды көбірек жасау керек өйткені бұл ұрпақ тәрбиесіне, ел патриоттарын тәрбиелеуге жақсы әсер етеді», - деді.

Сахнада жас буынға тәрбиелік мәні бар көріністер қойылды. Әлеуметтік желілерге жұтылып кетпей егемендігімізді сақтап тұру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керек екені көрсетілді. Көрермендер өте жақсы әсер алды.

Соңынан осы іс – шараның аясында ұйымдастырылған «Отанды сүю – иманнан» атты шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылып, байқауға қатысқан 39 қатысушының барлығына кітап таратылып, мақтау қағаздары табыс етілді. 4,5,6 – орын алған қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табыс етілсе, 3,2,1 – орын алған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Бұл іс – шараны ұйымдастырып,  қатысушы жастарды дайындауға аудандық мешіттің ұстазы Қалқаманова Мадина мен Абылайхан мектеп-лицейінің ұстазы Есен Айдананың қажырлы еңбек еткенін де айта кетуге тиістіміз

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: