Екі ел имамдары бірлесе жұмыс жүргізеді

Екі ел имамдары бірлесе жұмыс жүргізеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мен Өзбекстан діни басқармаларының арасындағы келісімге сәйкес, екі елдің имамдары келімсек ағымдармен бірлесіп күреседі.

Осыған орай, көрші елден келген бір топ имам алдымен Сайрам ауданына ат басын бұрып, өзбектілді жамағатпен жүздесті. Оның ішінде салафизмді ұстанатындарымен бөлек тілдесті.

Өзбекстанда өзбек тілінде шығатын жат ағымдардың насихаттарына тиым салынған. Алайда, əлеуметтік желі көз ілестірер емес. Біздің елдің де сондай жағдайға душар болмауы үшін, өзбек тіліндегі діни жаңалықтар мен уағыздарды жаппай тыңдауға болмайтынын ескертеді.

Өзбекстандық имамдардың Қазақстанға келудегі мақсаты – экстремистік, террористік, радикалды ағымдарға деген сенімсіздік тудыру, əлеуметтік желіде тарап жатқан өзбектілді уағыздардың бұрыстығын ескерту, əлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, өзбектерден шыққан вахабистік топтардан сақ болуға шақыру.

Бес имамнан құралған делегация алдымен Сайрам мен Шымкентте боп, өзбектілді жамағат көп баратын мешіттерде Жұма намазын өткізді.

Сарыағаш, Келес ауылдарында да өзбектілді жамағат пен жəне салафизм-вахабизмді ұстанатын адамдармен кездесулер жалғасып жатыр.

Апта бойы екі жақтың дін өкілдері тəжірибе алмасты. Бүгінгі Жұмада Сарыағаш жəне Келес аудандарының бірқатар мешіттерінде Өзбестаннан келген имамдар уағыз айтады.

Түркістан облысы бойынша Сайрам, Сарыағаш, Келес аудандары мен Шымкент қаласында кертартпа ағымға ілескендер жетерлік.

Өзбекстан вахабизммен күрескер мемлекет екені мəлім. Десе де деструктивті ағымдарды түпкілікті жою мүмкін болмай тұр. Бұл барлық мұсылман елдерінде бар проблема.

Бүтін мемлекетті ішінен ірітіп, сыртқы саясатына да нұқсан келтіретін ағымдармен күресуде ауызбіршілік танытқан жөн. Сондықтан та Қазақ-Өзбек елдері алғашқы қадамды бастады.

Екі ел арасындағы діни келісім де ортақ ынтымақтастықты арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: