Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы басталды

Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада  Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті ұйымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибе және болашағы» атты Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы басталды.

 Форумда Қазақстандағы діни ахуалға байланысты негізгі мәселелерді талқылау, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстандағы Исламтану мектебінің қалыптасуы және т.б. өзекті тақырыптар сөз болмақ.

Қазақстан Дінтанушыларының кезекті форумының ашылуында алғысөз сөйлеген ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын:

-Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік конфессиялық қатынастардың мәселелерін талқылап, терең идеялар мен нақты міндеттерді анықтауға жиналып отырмыз. 2011 жылдан бері осы форум жеті рет өтті. Әр форумда діни салаға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыға түсті. Биылғы форумның «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибе және болашағы» тақырыбына арналуының өзі Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, адамзат дамуының үшінші мыңжылдыққа өткеніне 18 жыл өтсе де, келісім, қауіпсіздік және тұрақтылықтың негізгі үрдіске айналдыра алмай отырғанымыздың айғағы іспетті,-дейді.

Еске сала кетейік, форум пленарлық отырыстан бөлек елімізге танымал теолог-мамандардың қатысуымен түрлі секцияларда жалғасын табады. Сондай-ақ, шара Қазақстанның алдыңғы қатарлы дінтанушыларын марапаттаумен қорытындыланбақ.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: