Түнгі намаз құлдың Раббысына шүкірлігінің шынайы көрінісі

Түнгі намаз құлдың Раббысына шүкірлігінің шынайы көрінісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ей, пайғамбар! Құран арқылы түн ішінде де өзіңе қосымша міндет етіп таһажжудқа тұр! – Раббыңның сені ақиретте мақтаулы мәртебеге бөлейтіндігі үміт етілуде» (әл-Исра: 79).

 (әл-Фурқан: 63,64).

Айша анамыз: «Пайғамбар түнгі намазда табандары жарылғанша тұратын», – деп айтатын. Бірде мен оған: «Иә, Алла елшісі! Не үшін бұлай істей бересіз, сіздің әуелгі-кейінгі қателігіңіз толық кешірілген ғой?», – дедім. Ол маған: «Сонда мен шүкіршіл құл болмайын ба?!», – деді деп риуаят еткен.

Жәбирден: Алла елшісі: «Расында, түннің ішінде бір сағаттың бар екендігі нақты, мұсылман кісі сол сағатқа сай кеп қалса, сөйтіп Алладан дүние ісінің хайырын сұраса да, ақирет ісінің қайырын сұраса да, Алла онысын оған бермей қоймайды. Осы сағат әр түні жалғасады», – деді деп риуаят етілген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: