Ғалымдар адамның жантәсілім ету жылдамдығын анықтап көрді

Ғалымдар адамның жантәсілім ету жылдамдығын анықтап көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ажал – адамзат әлі шешімін таппаған соңғы, ең үлкен құпиялардың бірі. Жан тапсыру кезінде біздің ағзамызда орын алатын тетіктер мүлдем зерттелмеген десе де болады. Америкалық ғалымдар бұл процесті, ең құрығанда жасуша деңгейінде анықтап жатыр. Олар өлімнің жасушадан жасушаға қалай жылжитынын қадағалап, қандай жылдамдықпен «қозғалатынын» өлшеп көрді»-деп жазыпты немістердің Stern мерзімді басылымы.

 Жасушалар жасушаның программаланған өлімі ретінде белгілі табиғи прцесс нәтижесінде өліп жатты. Апоптоз деп аталатын процесс сау ағзада күн сайын миллиярд рет болады әрі одан белгілі бір жасушаларды алып тастайды. Микроскоп арқылы бақа жасушасын қадағалаған Стэнфорд университетінің Сяньжуй Чэн және Джеймс Феррелл есімді қос ғалымы жасуша өлімінің өз кезегінде импулстық толқынды тудыратынына көз жеткізген. Бұл толқындар ақпаратты беруде маңызды рөл ойнайды әрі жасушаны бөлуде белгілі бір қызмет атқарады. Толқын жасушадан жасушаға минутына 0,0003 мм жылдамдықпен немесе сағатына шамамен 2 мм жылдамдықпен жылжыған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл механизм өз кезегінде стадиондағы жанкүйерлердің бір сәтте күшті эмоция жетегінде орындарынан өретүрегеліп кететін кездегі көріністі немесе бір-біріне құлаған доминоны еске түсіреді.

Джеймс Феррелл аталған зерттеудің мақсатын түсіндіре келе:

«Кейде біздің жасушамыз, қаламасақ та, мәселен, нейродегенеративті аурулар кезінде өліп қалады. Ал кейде қатты қаласақ та, мәселен, обырға шалдыққанда өлмей қояды. Егер біз бұл процеске араласуды қаласақ, программаланған жасуша өлімінің қалай реттелетінін анықтауымыз керек»-дейді.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: