Дағыстанда Пайғамбарымыздың ﷺ жәдігерлеріне арналған көрме өтуде

Дағыстанда Пайғамбарымыздың ﷺ жәдігерлеріне арналған көрме өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы күндері Дағыстан Республикасында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ қасиетті жәдігерлеріне арналған көрме өтуде. Қасиетті жәдігерлер барлық көрем деушілерге қарашаның 10-нан 15-і аралығында Гергебиль ауданының әкімшілік орталығына қарасты биік таулы жерде орналасқан Гергебиль ауылында көрсетілетін болады. Көрмеге келушілер Алла Елшісінің ﷺ қасиетті шаштары және адамзат баласының ең көркеміне, оның отбасы мүшелеріне, ұлы сахабалар мен тақуаларға тиесілі болған басқа да жәдәгерлерді тамашалай алады. Көрменің ашылуына байланысты Дағыстан мүфтиі шейх Ахмад Афанди қатысқан салтанатты рәсім болып өткен.
Аталмыш шараға билік органының өкілдері, муниципалитет басшылары, ғалым-дін мамандары, республика меймандары, сондай-ақ, Дағыстанның әр қиырынан келген мұсылмандар қатысты.
Өз сөзінде шейх Ахмад Афанди жиналған қауымды қасиетті ай Рәби-үл-әууәл айының келуімен және өткізіліп отырған айтуыл шарамен құттықтады.
«Шын жүректен Гергебиль ауданының тұрғындарын және басқа да меймандарды Алла Елшісінің ﷺ қасиетті жәдігерлерін көріп-тамашалай алуларымен құттықтаймын әрі әркім жан рахатына бөленетініне сенімдімін. Егер Пайғамбарымызға ﷺ тиесілі дүниелерді көрсек, Алла Елшісін ﷺ көргендей күйде болатынымыз белгілі. Алланың қалауымен, осындай керемет күндеріміз мол болсын», – деп айтып өткен Дағыстан мүфтиі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: