Шешенстанда некеге отыру талаптары күшейтілді

Шешенстанда некеге отыру талаптары күшейтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстан билігі некеге отырғысы келетіндерге арналған талаптарды күшейтті.
 «Кавказский узел» порталының мәлімдеуінше, бұдан былай республика тұрғындары некеге отырмас бұрын өздерінде бар ауыр дерт жайында бір-бірлерін ескертулері тиіс.

АИТВ дерті бар болған жағдайда өмірлік серігі болар жанға ескертуден бөлек, азамат ерікті түрде неке құруға келісетіндігі жөнінде одан жазбаша түрде келісім алуы қажет.
Айта кету керек, тура осындай талаптар Әзірбайжан елінде де бар.

Бұл мемлекетте медициналық байқаудан өту - неке құрудың міндетті шарты болып табылатындығына төрт жыл болған.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шара келешекте тұқымқуалайтын ауруға және туа біткен кемістікке шалдыққан балалардың дүниеге келуінің алдын алуға бағытталған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: