Оңтүстік Кореяда халал индустрия қарқын алды

Оңтүстік Кореяда халал индустрия қарқын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оңтүстік Кореяда Қытайдан келетін туристер көрсеткіші күрт төмендегеннен кейін халал-туризм қарқын ала бастады, деп жазады Religion News Service.

Қазіргі уақытта республикада мұсылман туристерді тарту мақсатында халал индустрия бағытында жаңа қадамдар жасалуда.

Мұсылман қауымына арналған туризмді дамытудың бірінші себебі Кореяның АҚШ-пен қарым-қатынасындағы саяси дағдарыс себеп болды. Мұнан соң Қытай үкіметі өз азаматтарына Оңтүстік Кореяға баруға тыйым сала бастады. Салдарынан ел қазынасы 6,8 млрд долларға төмендеді, деп жазады басылым. Осылайша Корея билігі шығыстағы мұсылман халқына арнайы туристік қызмет ұсыну туралы шешім қабылдады. Елдегі туристік агенттіктер мұсылмандарға қолайлы жағдайлар жасап, арнайы туристік пакеттер жасақтауда. Мемлекет бюджетінен таңдаулы туристік аймақтарға құлшылық бөлмелерін жасауға 175 000 АҚШ долларын бөлді.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: