44 жылда адамзат ғаламшардағы жануарлардың 60% жойған

44 жылда адамзат ғаламшардағы жануарлардың 60% жойған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1970 жыл мен 2014 жыл аралығындағы адамзат қызметінің салдары нәтижесінде Жер бетіндегі жануарлардың, соның ішінде, сүтқоректілер, балықтар мен бауырымен жорғалаушылардың көзі жойылған. Бұл жөнінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Лондон зоологиялық қоғамының 55 зерттеушілері бірлесіп жасаған баяндамасында мәлімденген.

Ғалымдар жан-жануарлардың 4 мыңнан астам түрлерін, атап айтқанда, 16 мың 704 қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды, балықтарды, сүтқоректілер мен құстарды зерттеген. Олардың мәліметі бойынша, популяцияның азаюы 60% құрайды.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің үнемі кеңеюі мен табиғат ресурстарын еселеп қолдану және тұтынудың жылдам өсуі – миллиардтаған жылдар бойы дамыған экожүйенің бұзылуына әкеліп соққан.

«Біз құрдымға кетудің алдында тұрмыз. Егер адамзат саны 60% азаятын болса, онда Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Еуропа, Қытай мен Океания босап қалар еді. Міне, біздің бүлдіруіміздің ауқымы осындай», – деп атап өткен WWF атқарушы директоры Майк Барретт.  

Ғалымдардың есептеуінше, жан-жануарлар популяциясын қайтадан қалпына келтіру үшін 5 миллионнан 7 миллион жылға дейін уақыт кетеді екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: