Мәйітті кебіндеу тақырыбына арналған ашық сабақ өтті

Мәйітті кебіндеу тақырыбына арналған ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Тараз қаласындағы «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ар-Рахман Ар-рахим» мешітінің ұстазы Айдарова Зора ханымның жетекшілігімен шәкірттерге және қала жамағатына дүниеден өткен адамды жуындыру, кебіндеу рәсімі іс жүзінде көрсетілді.

Ашық сабақта қала бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен мешіт имамы Миразизов Нұрматжан сөз сөйлеп, бұл рәсімнің жауапкершілігі мен әрбір мұсылман білуі маңызды екенін айтып өтті.

Бұл сауапты амал туралы хадисте: «Егер адам іште көргендерін ешкімге айтпай, мәйітті арулап, кебіндесе, 40 үлкен күнәсі кешіріледі. Кім кебіндесе, Алла Тағала оған жаннатта барқыттан киім кигізеді. Кім қабір қазса, қияметке дейін бір міскінді үйлі еткен адамның сауабын алады», – дейді.

Ұстаз көмекшілерімен мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібін ретімен көрсетіп, рәсім кезінде айтылатын дұғаларды үйретті.

Сонымен қатар, мәйітті шығарып салу кезінде Аллаға ұнамсыз, серік қосатын амалдардан алыс болуға шақырды. Көрермендер сұрақтар қойып, дәріс соңында ұстазға алғыстарын айтты.

Қазіргі кезде рәсімді сүннетке сай орындайтын кебіншілер тапшы болғандықтан, үйрену үшін дәрістер жиі өтіп тұратындығы еске салынды.

 «Кеңесхан қажы» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: