«Тектұрмас» мешітінде айлық дастархан жайылды

«Тектұрмас» мешітінде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Тектұрмас ата» мешітінде, мешіт имамы Кенжемолдаев Алмаз имамның ұйымдастыруымен айлық уағыз дастарханы жайылды. Шараға облыс имамы, қала имамдары мен қалалық мешіттерден келген жамағаттар қатысты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы осы көшпелі айлық уағыз дастарханы арқылы жамағат арасында ауызбіршіліклік артып келе жатқанын айтты. Бас имам жамағатты жеке тұлғалардың соңынан еріп кетуден сақ болуға шақырды.

Дастархан басында «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Ембергенов Амангелді «Пайғамбарымыздың үлгі-өнегесі» тақырыбында уағыз айтты.

Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жер бетіндегі күллі жаратылысқа жіберілген пайғамбар. Құран Кәрімде: «Ол – Өз елшісін тура жол және хақ дінмен, ислам дінін басқа діндердің барлығынан үстем ету үшін жіберді. (Фатх сүресі, 28-аят).

Мұхаммед  пайғамбар (с.ғ.с.) - Ұлы шапағатшы. Қасиетті  Құранда Хақ Тағала  «Сені  әлемдерге  рақымдылық  етіп  жібердік»  (Әнбия сүресі, 107) – деп айтқанындай, ол бүкіл  адамзатқа  үлгі  боларлық   ғибратты   өмір  өнегесін   қалдырды. Аса мәртебелі  Алланың   Хабибінің  өмір  жолын  білу,  танысу,  үйрену  және  үйрету біз үшін  үлкен  бақыт.

Құран Кәрімдегі: «...Раббымыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде игілік бер және бізді от азабынан сақта...»,-деп айтылғандай Алла елшісі адамзатқа тек діни жетекші емес, сонымен бірге өмірдің барлық саласында бағыт-бағдар беруші болды, - деп ұзтас уағызын аяқтады.

Жиын соңында бата беріліп, көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: