Сафар ауыртпалық пен бақытсыздық айы ма?

Сафар ауыртпалық пен бақытсыздық айы ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сафар айында Пайғамбарымыз (ﷺ) ауырып қалғандықтан бұл айды ауыртпалық пен бақытсыздық айы деп санайтындар ішнара кездесіп жатады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

Мұсылман күнтізбесі хижра бойынша Сафар айы екінші ай болып табылады. Айтулы Ашура күні бар Мұхаррам айы мұсылман күнтізбесінің бірінші айы екені белгілі. Ал үшінші Рәби’ул-әууал айында адамзат баласының асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) дүние салған болатын.

Егер мұсылман күнтізбесіне дұрыстап зер салар болсақ, кейбір айлардың ерекше аталып өтетіндігін байқаймыз, мысалы үшін, Рамазан айында мұсылмандарға ораза ұстау парыз етілген, алайда Сафар айы ауыртпалық пен бақытсыздық айы болып табылады деп ешбір жерде келтірілмеген.

Негізі, бұлай деп бөлу асыл дініміз Исламға қайшы келеді. Кейбір айларды  бұлай «қаралауға» болмайды. Нақты бір айларды ауыртпалық айлары деп айтуға болмайды, өйткені Алла Тағала қалауын айлар және күндермен шектеу мүмкін емес. Сафар айынан басқа уақыттарда ауыртпалықтар мен табиғат сүргіндері болмаушы ма еді?

Задында, исламға дейінгі дәуірде арабтар Сафар айын бақытсыздық айы деп атап, бұл айда кіші қажылықты өтеу күнә деп санаған. Алайда біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Умраны кез-келген уақытта өтеуге болады» (Бұхари, Қажылық, х. №777).

Осыны айту арқылы Пайғамбарымыз (ﷺ) аталмыш қате пікірді жоққа шығарған. Сол себепті, осы айда қиылған неке ұзаққа созылмайды; осы айда жасалған әрекеттер нәтижесіз болады; ал Сафар айында жасалған жұмыс сәтсіз болады деген таптаурын шындыққа жанаспайтын жалған болып табылады.  

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай деп айтқанын келтірген:  

«Ислам қатерлі дүниенің белгісін білдірмейді, бір нәрсені әдейі жағымсыз етіп көрсетпейді, керісінше, тек игі нәрселерді айтады» (Бұхари, «Тыб», 54).

Ал басқа бір хадисте былай келтірілген:

«Қырсық нәрселер болмайды, Сафар айы кесірлі ай болып табылмайды және де үкінің уілдеуінен абыржудың қажеті жоқ» (Мүслим, «Салам», 102).

Ендеше, жоғарыда Сафар айы туралы келтірілген пайымдаулар шындыққа жанаспайды, әрбір атқан таң мен жаңа күн – Алла Тағаланың мейірімі. Бұл айда бізді не күтіп тұрғаны тек Жалғыз Аллаға ғана аян. Сөзсіз, бұл айдың әрбір күнін бағалап, игі амалдар жасап, өзіміздің міндеттеріміз бен құлшылықтарымызды естен шығармауымыз қажет.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: