Неліктен жамағатпен оқылатын намаз 27 есеге артық?

Неліктен жамағатпен оқылатын намаз 27 есеге артық?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намазды жалғыз оқығанда, бір сауап аласың, алайда жамағатпен оқыған намаз 27 есеге артық. Бұл неліктен?

Жамағатпен оқылатын намаздың артықшылығын дәлелдейтін сенімді хадистер бар. Омар бин әл-Хаттаб (р.а.) біздің Пайғамбарымыздың (ﷺ) келесі сөзді айтқанын келтірген:

«Жамағатпен оқылған намаз - жалғыз оқылған намаздан 27 есе артық» (Бұхари, «Азан», 30; Мүслим, Масаджид, 249, Несаи, Имамат, 42; Ибн Маджа, Масаджид, 16).

Ибн Хажар жамағатпен оқылатын намаздың артықшылықтарын жеке-жеке айтып көрсеткен. Солардың бірнешеуін қарастырып өтейік:

1. Бұл намаздың пайдасы азаншының намазға шақырған үніне ниет білдіруден басталады;

2. Жамағатпен оқылған намаз адамның тақуалығын арттырып, оның нәпсісін ауыздықтайды;

3. Адам өзінің жалғыз құлшылық етіп тұрмағанын түсініп, өзін сыпайы ұстап, мешіттің рухани атмосферасын бұзбауға тырысады;

4. Өзге жамағатты күтіп тұрған сәттен бастап, құлшылық етушілерге береке төгіліп тұратын болады;

5. Періштелер осындай құлшылық етушілерге Алладан дұға мен истиғфар тілеп тұратын болады;

6. Жамағатпен оқылған намаз үшін тіпті періштелер де куә болады;

7. Жамағатпен намаз оқып жатқан адамдарды көрген шайтанның зығырданы қайнайтын болады;

8. Намаздан соң имаммен бірге тәкбір айту және таспиық тарту да мол сауапқа  кенелтеді;

9. Намаз кезінде періштелер құлшылық етушілерді қоршап тұратын болады;

10. Жамағатпен оқылған намазда мүміндер сөздердің дұрыс айтылуын есте сақтайтын болады;

11. Мұндай намаз мүміндердің басын біріктіреді әрі иманның дәмі мен біздің асыл дініміздің сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді;

Мешітке намаз оқуға бара жатып, мынаны естен шығармаңыздар:

1. Мешітке кірерде дұға айтуды;

2.  Мешітке кіргенде "тахийатул масджид" намазын оқуды;

3. имамның уағызын тыңдауды;

4.  Сап құрап тұрғанда біркелкі тұруды, құлшылық етушілердің арасында бос орын қалмауын қадағалауды ұмытпаңыз;

5. Егер әлі намаз оқымаған немесе дұға жасап тұрған адамдарды көрсеңіз, тыныштық сақтап, оларды алаңдатпаңыз. Адамдарға сыйластықпен қараңыз;

6. Жамағатпен оқылатын намазға әдемі, лайықты киім киіңіздер, бұл да сүннет болып табылады.

Мүслимнің хадистер жинағында Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Кімде-кім түнгі намазды жамағатпен бірге оқыса, сол түн жарымын құлшылықпен өткізген адамға тең болады. Ал кімде-кім түнгі және таңғы намаздарын жамағатпен оқыса, сол түні бойы намаз оқығандай сауап алады» (Мүслим).

Алла разылығына қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: