Жалғыз басты анаға үйдің кілті табыс етілді

Жалғыз басты анаға үйдің кілті табыс етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 – «Ислам және отбасы» жылы деп атауына орай Меркі ауданының орталығынан көп балалы анаға 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңгеге 4 бөлмелі үй салынды.

Жиын соңынан облыстан келген жұмыс тобы жиынға қатысқан алқа мүшелері, имам-молдалар, «Зекет» қорының аудандағы жеке кәсіппен айналысатын азаматтардың демеуімен 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңгеге салынған үйдің кілті Баубекова Кенжекүл есімді 5 балалы жалғыз басты анаға табыс етілді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы мен  ауыл ақсақалы Қази ағамыз үйдің кілтін табыс ете отырып, үй иесіне мықты денсаулық пен табыс тіледі.

Қуанышқа бөленген ана мен балалар көздеріне жас алып, осы сауапты іске себепші болған барша азаматтарға алғыстарын айтты.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: