Өкіл имам Т.Рысқұлов ауданындағы мешіт алқа мүшелерімен кездесті

Өкіл имам Т.Рысқұлов ауданындағы мешіт алқа мүшелерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өздеріңізге белгілі, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған игі бастамалары ұлттық құндылықтармен қатар өріліп, ізгі істердің басы-қасынан елге елеулі қариялар бір мүдде маңына топтасып, жұмыла жұмыс атқарып келеді.

Соның бір айғағы, бүгін  Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр қаридың ұйытқы болуымен,  аудан имамы Сұлтаншәріп қажының ұйымдаструымен ауылдық алқа мүшелеріменкездесу болып өтті.

Алқа мүшелерінің атқарар жұмыс ауқымы мен қаузайтын тақырыптары да – ел ертеңіне ерте бастан қам жасау, ұрпақ тәрбиесі, діл мен дін, елдік мәселелер. Келелі басқосуға  облыс өкіл имамы Жұмабаев Данияр қари, облыстық мешіттің наиб имамы Жапек Ғалымбек, іс басқарушы Қожахметов Халит, ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Бижанов Қожайхан қатысып,  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әңгіме өрбіді.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қари дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру және қайырымдылық  шараларды жиі өткізу секілді бірқатар маңызды мәселелерді қозғай келіп, бұл орайда халықпен жалғасқан көпір саналатын елге сыйлы ақсақалдардың, зиялы қауым өкілдерінің орын айрықша екенін атап өтті.

«Біз бүгінгі зайырлы қоғам заңдылықтарын сақтай отырып, ата дініміз бен төл дәстүрімізді шашауын шығармай, елге жеткізуге бар күш-жігерімізді салудамыз. Бұл орайда халыққа айтары бар, өмірге жан-жақты таныммен қарай білетін сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бізге ауадай қажет», - деген Бас имам Данияр Әлимұхамедұлы алқа мүшелеріне өз ришалығын білдіріп, бүгінгі таңдағы маңызды деген мәселелерге тоқталып өтті.

Кездесу соңында Данияр Әлимұхамедұлын аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Бижанов Қожайхан ағамыз «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына 30 жыл» мерекелік медалімен және Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

 

Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: