Өкіл имам алқа мүшелерімен кездесу өткізді

Өкіл имам алқа мүшелерімен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешітке келуші жамағатпен байланысты күшейту және халық арасында ауызбірлікті сақтау жолында жасалып жатқан жұмыстармен таныстыру мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы және Тараз қаласының Бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы қала мешіттерінің алқа мүшелерімен кездесті.

Данияр Әлимұхамедұлы имам мен қала тұрғындарының арасындағы байланысты күшейту, діни рәсімдерді бірізділікке түсіру жолында имамдарды ақсақалдардың қолдауы, алқа мүшелерінің ел ішіндегі алып –қашпа сөздерге тойтарыс беруі, келешекте облыстық деңгейде алқа мүшелерінің арасынан іріктеліп Бата жарысын ұйымдастыру, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мақсатында өтініштірін қабылдап, орталықтандырылған база бойынша қайырымдылық жасау мәселелері қаралды.

Сондай–ақ өкіл имам алқа мүшелерінің құқықтары және міндеттерімен таныстырып өтті.

Алғаш рет болып отырған жиында ақсақалдар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Кеңесхан қажы»мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: