Мысыр мектептерінде жәбірлеуге қарсы ауқымды бастама қолға алынды

Мысыр мектептерінде жәбірлеуге қарсы ауқымды бастама қолға алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырда ЮНИСЕФ-пен ынтымақтаса отырып мектептерде кеңінен таралған мәселе болып табылатын жәбір көрсетушілікке қарсы ауқымды кампания басталды.

Маркетинг бойынша Білім министрлігінің кеңесшісі Юсра Алламның айтуынша, кампанияның мақсаты - оқушылардың арасында жиі орын алатын жәбірлеудің қауіптілігі жөнінде хабардар болу, сондай-ақ, мысырлық мектептердегі бұл құбылыстың түп-тамырына балта шабу болып табылады. 

Аталмыш кампания, көбіне әлеуметтік желілер, сондай-ақ, радио және телевидение арқылы жүргізілетін болады.

Мысыр мектептерінде оқушыларды әлеуметтік желілерге жеке басынан өткен оқиғаларды #IAmAgainstBullying хэштегі бойынша жариялауға үндейді және де осы құбылыстан қалай құтылуға болатындығы туралы пікірлерімен бөлісуді сұрайды.

Айта кету керек, ЮНИСЕФ зерттеулеріне сәйкес, 13 пен 17 жас аралығындағы балалар 29-дан 47%-ға дейін өз құрдастары тарапынан тән зорлық-зомбылығын көреді екен.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: