Серікбай қажы Ораз Бішкекте Қырғызстан мүфтиімен кездесті

Серікбай қажы Ораз Бішкекте Қырғызстан мүфтиімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Бішкек қаласында Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамысовпен кездесті.

Ресми қабылдауда дін қайраткерлері қазақ-қырғыз бауырластығы нығайып келе жатқанын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азиядағы мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі, діни тұтастығы мен ортақ құндылықтары жайлы пікір алысты. Бауырлас елдердің мүфтилері ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Мақсатбек қажы Тоқтамысов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанада өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы оң пікірін білдірді.

Серікбай қажы Ораз Қырғызстан мүфтиін Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті съезіне шақырды.

«Қырғыз – қазақ халқына ең жақын ұлт. Біздің дәстүріміз бен дініміз, мәзһабымыз бен мәдениетіміз бір. Ортақ құндылықтарымыз көп. Қырғызстан – Орталық Азиядағы бізге ең жақын бауырлас ел. Діни, рухани бағыттағы әріптестік байланысымызды әрқашан жандандырып отыруымыз – татулығымыздың жарқын көрінісі», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Басқосу барысында Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек Тоқтамысов ресми сапармен арнайы Бішкекке келген Серікбай қажы Оразға алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгін Бас мүфти бастаған қазақстандық делегация Бішкекте өтетін халықаралық форумға қатысады.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: