Елімізде екпеден бас тартқандар жазалануы мүмкін

Елімізде екпеден бас тартқандар жазалануы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл басынан бері 500-ден аса қазақстандық балаларына екпе ектіруден бас тартқан. Осыған байланысты еліміздің денсаулық сақтау министрлігі қатаң шараларға жүгінуі мүмкін. Дәлірегі, баласына екпе салдырмаған ата-аналарға қатаң шара қолдануы мүмкін.

Тарқатып айтқанда, аталған ведомства балаларына екпе салдырмаған ата-аналарға ірі мөлшерде айыппұл салуды ұсынып отыр. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тиісті түзетулер денсаулық кодексіне енгізілуі мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттерде баласына екпе салдырудан бас тартқандарға арнайы шара қолданылады. Мысалы, Германияда екпе алмаған баланы мектеп табалдырығынан аттатпайды.

Министр осылай дей келе бұл ұсынысты қоғамның талқысына салып, сарапшылармен ақылдаса отырып, шешетіндерін мәлім етті. Сондай-ақ, ол елімізде ата-аналардың дені балаларына діни себеппен екпе салдырудан бас тартатынын жасырмады. Олардың қарасы да аз емес - 50%-ға жуық. Сөз реті келгенде айта кету керек, жыл сайын елімізде инфекциялық ауруларға қарсы бес миллиондай адам екпе алады, олардың 1,3 млн-ы - балалар.

іslam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: