Орталық мешітте мұхаррам айына байланысты айлық дастархан өтті

Орталық мешітте мұхаррам айына байланысты айлық дастархан өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің«Тәубе» сүресінің 36-аятында: «Расында Аллаһтың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі ай. Бұлардан төртеуі қасиетті айлар. Міне осы - берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер! ...Аллаһтың тақуалармен бірге екенін біліңдер!», - деген.

Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл жөнінде: «Бір жылда он екі ай бар. Оның төртеуі қасиетті. Үшеуі бірінен соң бірі келеді: Зул-қағда, Зул-хижжа және Мухаррам, ал төртіншісі - Жумадә мен Шағбан арасында келетін Ражәб айы», - деген. Күллі мұсылман жұртшылығы қасиетті мұхаррам айының келуімен жаңа һижра жылын тойлайды.  

Осыған байланысты қасиетті мұхаррам айнының құрметіне «Һибатулла Тарази» мешітінде ақшам намазынан кейін 100 адамға арнап айлық дастархан өткізілді.

Кездесу барасында «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы жиналған жамағатты қасиетті айдың басталуымен, мұсылманша жаңа жылдың келуімен құттықтап, «Мұхаррам қасиетті ай»  тақырыбында, ал  «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұл «Тәһәжүд намазының пайдасы» тақырыбында уағыз айтты.

Облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы уағыз соңында: «Алла Тағала осы қасиетті айда жасаған барлық ғибадаттарымызды, ізгі амалдарымызды қабыл алғай. Жаңа һижра жылы күллі мұсылман үмбеті үшін құт-берекелі, бейбіт, молшылық жылы етсін!», - деп ізгі ниетін жеткізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: