Өкіл имам Қаратау және Жаңатас қалаларындағы мешіт алқа мүшелерімен кездесу өткізді

Өкіл имам Қаратау және Жаңатас қалаларындағы мешіт алқа мүшелерімен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі облысқа қарасты аудандардағы мешіттердің алқа мүшелерімен кездесу мақсатында арнайы жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша іс сапарын бастап кетті.

Қаратау және Жаңатас қалаларына іс сапармен барған облыс өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы «Қаратау» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен көрісті.

Жоғарыда аталған жоспарға сәйкес кездесудегі негізгі мақсат аудандағы әр мешіттің алқа мүшелерімен кездесіп, ҚМДБ-ның Жарғысына, мешіт ережесін сай алқа мүшелерінің арнайы міндеттемелері жасалды. Сол міндеттеменің ішінде алқа мүшелерінің мешіт имамдарына діни рәсімдерді бірізділікке түсіру жұмыстарына көмектесуі, мешіт ішіндегі діни жұмыстарға материалдық және рухани жағынан жәрдем беруі,  Жарғы мен ереже шеңберінде мешіт имамдарымен бірлесіп жұмыс істеу, қодау көрсетуі сынды мәселелер бекітілді.  

Жиналған алқа мүшелері осы мәселеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, қарияларды құрметтеп, ескеріп, осындай бастаманы қолға алғаны үшін облыс өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлына шексіз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Алқа мүшелерімен кездесу басқа аудандарда да жалғасатын болады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: