Байзақ ауданында айлық дастархан уағызы жалғасуда

Байзақ ауданында айлық дастархан уағызы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Көк-өзек ауылы «Жантай ата» мешітінде ауыл имам молдаларының кезекті айлық дастарханына байланысты жиналысы өтті.

Жиналыста Байзақ ауданының бас имамы Азизов Рамиз қажы ҚМДБ – нан келген тапсырмаларды жеткізе отырып,  ауыл имам молдаларының тамыз айында төрт бағыт бойынша атқарған жұмыстардың есебін  тыңдады. Ауданның бас имамы Азизов Рамиз қажы уағыз – насихат жұмыстарын жүйелі түрде айтылуын, бесін, ақшам және жұмауағыздарын тақырыпқа сай айтылуын, қайырымдылықтың жүйелі түрде жасалуын, жат ағымда жүрген адамдармен жеке кездесіп сөйлесуін, жаназа және жерлеу рәсімдерін халыққа кенінең түсіндіруді тапсырды. Жиналыстың соныңда «Жантай ата» мешітінде ауыл имам молдалары жамағатпен бірге бесін намазын оқып, халықтың бірлігі мен еліміздің тыныштығы үшін дұға жасады.

Ауыл имам молдалары арнайы жайылған дастарханда ауыл тұрғындарымен мешіт жамағатына уағыз – насихат жүргізді. Ауданның бас имамы Азизов Рамиз қажы «Бірлік түбі береке» тақырыбында уағыз айтты. Ал ауыл имам молдалары салт дәстүрді ұштастыра отырып исламдағы бес парызды, ата – анаға құрмет көрсету, бала тәрбиесіне көңіл бөлу, интернет желісінің пайдасымен зияны турасында кенінең айтып өтті. Осындай игі шараны ұйымдастырған «Жантай ата» мешітінің молдасына халық ризашылықтарын білдірді.

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: