Түркия АҚШ-тың электронды өнімдеріне бойкот жариялады

Түркия АҚШ-тың электронды өнімдеріне бойкот жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия американың санкцияларына жауап ретінде АҚШ-тың электронды тауарларын сатып алмайтын болады деп атап өтті ел президенті Режеп Тайып Ердоған: «Біз АҚШ-тың электронды тауарларына бойкот жариялаймыз. Оларда iPhone, Samsung болса, біздің Venüs Vestel жергілікті телефон маркамыз бар, енді соларды қолданатын боламыз».

Вашингтон мен Анкара қарым-қатынасы едәуір шиеленісуде. АҚШ Түркиядан келетін алюминий мен болатқа салынатын баж салығын 20 және 50 пайызға арттыруды шешкен. Осылайша, АҚШ әкімшілігі 2016 жылы жарылысқа қатысы бар деп түрік билігімен айыпталып, ұсталған пастор Эндрю Брансон үшін одақтасын «жазалауда».

Бұл жағдайға қатысты Кремль өз пікірін былайша білдірді: Түркияның экономикалық мәселесі екі жақты жобаларға ықпал етпейді.

Санкциялардың жариялануы жылдың басынан бастап түрік лира курс құнының 50 пайыздай төмендеуіне әкеліп соқты.  Түркия Орталық банкі мәлімдегендей, өз қорынан жергілікті банктерге қажетті өтімділікті беретін болды. Сонымен қатар, ел президенті  Ердоған бұдан былай Анкара еуропалық серіктестерімен ұлттық валютамен сауда жасауды жоспарлап отырғанын айтқан. "Біз екі жақты сауда мөлшерінің үлкен үлесі тиетін Қытаймен, Ресеймен, Иранмен, Украинамен ұлттық валютамен сауда-саттық жасауға дайындалудамыз", - деп Anadolu ақпараттық агенттігі түрік көшбасшысының дәйексөзін келтірген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: