Қазанда мұсылман киносының XIV Халықаралық фестивалінің пресс-көрсетілімі басталды

Қазанда мұсылман киносының XIV Халықаралық фестивалінің пресс-көрсетілімі басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан қаласында үстіміздегі жылғы қыркүйектің 4-нен 10-ны аралығында өтетін мұсылман киносының XIV Халықаралық фестивальінің пресс-көрсетілімі өтіп жатыр.

14 тамыз күні сағат 16.30-да «Мир» кинотеатрында Шыңғыз Айтматовтың «Тополек мой в красной косынке» хикаят сарынымен жазылған «Красная косынка» киносы көрсетілді. Аталмыш фильм XIV Қазан кинофестивалінің көрнекті жазушы Шыңғыз Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған қосымша бағдарламасына енгізілді.

Романтикалық, драматикалық фильмді 1977 жылы түрік режиссері Атиф Йылмыз түсірген. Фильмнің қысқаша желісі мынадай: Алысқа қатынайтын жүргізуші Ильястың Әсия деген жас келіншегі мен Самит есімді ұлы бар. Олардың арасын сүйіспеншілік жақындатқанымен де қызғаныш, алкоголь және Ильястың үйде көп болмауы алыстатып отырады. Күндердің күнінде ол мүлде жоғалып кетеді.  Ұзақ күтуден кейін Әсия сымбатты Жамшедтің сүйіспеншілік сезіміне жауап береді. Самит оны әкем деп айтатын болады, бірақ аяқ-астынан Ильяс тастап кеткен  отбасына қайтып оралады... Фильм 1981 жылы М.Горький атындағы киностудияда дубляждалған.

Сонымен қатар, фестиваль кезінде Шыңғыз Айтматов шығармалары бойынша түсірілген келесі фильмдер көрсетілетін болады: «Пегий пес, бегущий краем моря» (1990), «Джамиля» (1969), «Манкурт» (1990), «Бег иноходца» (1968), «Материнское поле» (1967), «Белый пароход» (1975).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: