Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті

Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы Орталық мешітінде «Қажылықтың хикметтері» тақырыбында жұма уағызын айтты.
 
Бас мүфти: «Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі. Тілдік тұрғыда «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну», «ниеттену», «оны мақсат тұту» сынды мәнді білдіретін бұл ғибадат түрі адам баласын ұлы Аллаға жетелейтін, ниетін тек бір Аллаға бағыттап, Оның ғана разылығын мақсат тұттыратын қасиетті құлшылық болып табылады. Сондықтан балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін, әлеуеттік мүмкіндігі келіп тұрған әрбір мұсылман баласы, Алланың парыз еткен қажылық сапарын өтеп қайтқаны абзал», – деп сауабы мол ізгі амалға шақырып, мешіт жамағатына рухани нәрлі, жанға азық болатын мәні терең сөздерін жеткізді.
 
Одан әрі Серікбай қажы хазрет өз ойын қажылыққа қатысты аят-хадистермен сабақтап, қажылықтың сегіз түрлі даналығына жеке-жеке тоқталды. Мұнымен қоса, қажылықтың қабыл болуы үшін адамның ниетінен бөлек, құлшылық амалдарын қатаң сақтау керектігін де қатаң ескертті. Қажылықтан кейінгі адамның жағдайын айтып, қабыл болған құлшылықтың пайдасымен бөлісті. Сөз соңында, күні кеше қасиетті Мекке жеріне аттанған қажыларымыздың сапарына мешіт жамағатымен тағы да бір сәттілік тілеп,  дұға етті.
 
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: