Мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Мүгедектер» орталығының мүмкіндігі шектеулі  жандары «Мырхалық қажы» мешітінде жиналды.

Тараз қаласының Бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандарды алдағы келе жатқан «Ораза айт» мерекесімен құттықтады.

«Мырхалық қажы»  мешітінің имамы Зайнутдинов  Абдурахим мен Тараз қалалық «Өзбек-этно» орталығының басшысы Зайнутдинов Абдурахман мырзаның ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 10 адамға азық-түлік берілді.

Орталық басшысы Шолпан Дәукенқызы шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

«Кеңсхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: