Зекет бер: Берекетін көр, ырысың молайсын

Зекет бер: Берекетін көр, ырысың молайсын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның тапсырысына орай, қасиетті Рамазан айында мұсылманның міндетті бес парызының бірі зекет берудің маңыздылығы жайында, ауданға қарасты елді-мекендегі мешіттерде 25-мамыр күні  жұма уағызында «Зекет бер: берекетін көр, ырысың молайсын» тақырыбында өтті.

Ауызашар жиынында, халық көп шоғырланған жерлерде «Зекет» мәселесі жайында уағыздар да айтылуда.

Орталық «Меркі ата» мешітінде Зекет қорының реквизиті, зекет шарттары және нисаб көрсетілген мәліметтер баннер түрінде ілінді. Мұндай мәліметтер ауыл мешіттерінде де көрсетілген.

Орталық мешіттің арнайы шақыруымен жағдайы бар кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басын қосып мәміле жасап, үндеу жарияланып, бүктеме қағазшалар таратылуда.

«Зекет» мәселесі жайында үгіт-насихат іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.

 «Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: