Бас мүфти Марокко елшісімен сұхбаттасты

Бас мүфти Марокко елшісімен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Абделжалил Саубри мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Марокко Корольдігінің арасындағы мәдени, рухани байланыстар сөз болды. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлімдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жайлы, аталған халықаралық жиынның мақсаты мен міндеті туралы атап өтті. Сонымен қатар, Бас мүфти ресми кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өткен Еуразия мұсылман Ғұламаларының бірінші форумының дін ғалымдарын бірлікке үндеудегі рөліне тоқталды.

Серікбай қажы Ораз қазақ топырағына сонау VIII ғасырда жеткен Ислам тарихы жайлы әңгімелеп берді. Тарихи негізде жазылған «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын мәртебелі мейманға сыйға тартты.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: