Душанбеде Ислам институтының құрылысы басталды

Душанбеде Ислам институтының құрылысы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәжікстанның астанасы Душанбеде Ислам институтының құрылысы басталды.  Естеріңізге сала кетсек, Душанбеде мұсылман жоғары оқу орнын құру туралы шешімді республика президенті Эмомали Рахмон қабылдаған.

«Бір ауысымда 1500 студенттің білім алуы шамаланған Тәжікстан Ислам институтының ғимараттар кешені - Душанбеде үкіметтің есебінен осы мақсатқа бөлінген 15 млн доллардан астам қаражатқа 3 га жерге салынатын болады», - делінген тәжік көшбасшысының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Жобаға сай оқу орнының басты ғимараты жеті қабатты бес блоктан тұрады, олардың үшеуі білім беретін және әкімшілік құрылымдарға арналса, ал қалған екеуі жатахана болады. Институттың өз кітапханасы, конференц-залы, спорт алаңы, бұрқағы бар саябағы, көлік тұрағы және басқа да қажетті ғимараттары болады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: