2030 жылға таман әлемдегі өнімнің үштен бірі халал болмақ

2030 жылға таман әлемдегі өнімнің үштен бірі халал болмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда күллі әлемде халал өнімге деген сұраныс пен қызығушылық күннен-күнге артып отыр.  

2030 жылға таман әлемде өндірілетін өнімнің 30% «халалдың» еншісіне тиесілі болады.

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығын дамытуға, Еуразия аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен толымды тамақтануды қамтамасыз етуге арналған Халықаралық  конференцияда Жалпы ресейлік ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу экономика институтына қарасты Еуразия экономикалық қауымдастығы аграрлық орталығының басшысы Владимир Тарасов мәлімдеді.

Өз сөзінде В.Тарасов 2017 жылы әлемдегі мұсылмандар саны 1,8 миллиард адамға жеткенін тілге тиек етті, яғни, мұсылмандар жалпы планета тұрғындарының шамамен 23% құрайды деген сөз.

Талдаушылардың болжамы бойынша, 2025 жылға таман «халал» әлем азық-түлік нарығының төрттен бірін, ал 2030 жылға таман – үштен бірін еншілейтін болады.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: