Мәскеуде «Рамазан шатыры» ашылды

Мәскеуде «Рамазан шатыры» ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

XIII мәскеулік «Рамазан шатырының» салтанатты түрде ашылу рәсімі Мәскеудегі Поклонная тауындағы Мемориалды мешітінің маңында өтті. «Рамазан шатыры» — өз меймандарын әлем халықтарының мәдениеті және дәстүрімен таныстыратын, арнайы түрде қасиетті Рамазан айының келуіне ыңғайластырып жасалған мәдени-ағарту жоба.

«Бұл жоба аясында қасиетті ай бойы күнделікті тақырыптық кештер,  интерактивтер, сұрақ-жауаптар әрі құрметті меймандармен кездесулер өткізіліп тұратын болады. Ағымдағы жылы аталмыш жоба өзінің тарихындағы ең ауқымдысы болмақ, өйткені күніне 500-дей меймандарды қабылдай алатын болады», - деп мәлімдейді ұйымдастырушылар.  

Рамазан айы бойы алаңға келушілер үшін Ресейдің ұлттық республикаларының, таяу және алыс шетелдердің, соның ішінде, Тәжікстан, Ингушетия,  Карачаево-Черкесия, Дағыстан, Түркменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Татарстан, ұйғыр диаспорасы, Түркия және өзге де елдердің кештері өткізіліп тұратын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: