Германияда Сауд Арабиясының туы бейнеленген алкоголь құтылары жанжал тудырды

Германияда Сауд Арабиясының туы бейнеленген алкоголь құтылары жанжал тудырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германияда сыра қайнататын неміс компанияларының бірі бөтелкелеріне Сауд Арабиясының туын бейнелеп шығара бастауы - халықаралық жанжалдың шығуына әкеліп соқты.

Мұсылман корольдігінің билігі қорлаушы құтылардың шығуын дереу тоқтатуды талап еткен.

Жуырда өткізілгелі отырған футболдан Әлем чемпионаты-2018 қатысушы-мемлекеттердің тулары бейнеленген құтыларды шығарған аталмыш сыра қайнататын компания өкілдерін Германиядағы Сауд елшілігі осынау күмәнді тапқырлығы үшін Сауд Арабиясынан кешірім сұрауға үндеді.

Айта кету керек, аталмыш компания қойылған талаптарға лезде жауап қайтарып, жанжал тудырған құтыларды шығаруды бірден тоқтатып, бұл маркетингтік ноу-хау намысына тиген елдің алдынан өтіп, кешірім сұрады. Аты шулы болған бөтелкелер сатылымнан алынды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: