Өзбекстанда тұңғыш мұсылман мейманханасы ашылады

Өзбекстанда тұңғыш мұсылман мейманханасы ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Өзбекстанда тұңғыш республикалық халал мейманхананың ашылу рәсімі болады деп күтілуде. Тұңғыш ашылғалы отырған мейманханада мұсылмандарға барлық жағдайлар жасалатын болады. Бұл жөнінде Өзбекстан туризмін дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет өткізген «Халал-туризм» тақырыбына арналған тұсаукесерде мәлім болған.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Өзбекстан мұсылмандар арасындағы саяхат танымалдылығы рейтингі бойынша 28 орынды иеленген. 

Бірінші орындар дәстүрлі түрде Индонезия, Малайзия және Түркия елдеріне тиесілі болған.

Айта кету керек, жыл сайын әр түрлі елдерге шамамен 150 миллион мұсылман саяхат жасайды әрі бұл көрсеткіш халал туризмнің дамуына байланысты жыл өткен сайын өсуде.

Сонымен қатар, ислам дінін ұстанушылар саяхат жасайтын елдерді діни ерекшеліктерін есепке ала отырып таңдайды, мысалы: халал тамақ, ерлер мен қыз-келіншектерге арналған бөлек шомылу аймақтары, намаз оқуға арналған орын және т.б.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: