Қасиетті Рамазан айына дайындық пысықталды

Қасиетті Рамазан айына дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауданға қарасты ауыл имам-молдаларымен қасиетті Рамазан айына байланысты кезекті жиналыс өткізді.

Аят Дыбысұлы ауыл молодаларын келе жатқан  он екі айдың сұлтаны,  қасиетті Рамазан айымен құттықтап,отбасыларына береке, атқарып жатқан еңбектеріне сәттілік тілеуімен бастады.

Жиын барысында аудан имамы ҚМДБ  тарапынан және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінен келіп түскен хаттарды басшылыққа ала отырып, ауылдарда Рамазан айын жоғары деңгейде өткізулерін жүктеді.

Рамазан айына дайындалу, жоспар мен бағдарламалар құру, көпшілік жүретін жолдарда Рамазан айына байланысты баннерлерді ілу, мешіттерде ауызашарлар ұйымдастыру,  мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы жайында  бірқатар тапсырмалар берілді.  Сонымен қатар, ауыл молдаларына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы, 2018 жылға арналған күнтізбе мен Ораза кестелері үлестірілді.

Жиын соңында ауыл молдалар өз ойларымен бөлісіп, мәжілісте туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

                                Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: